Бұл жағдайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«8 қазанда сағат 14:00 шамасында Самал ықшамауданының №9 және №15 көшелерінің қиылысында Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі қосалқы жолдан кетіп бара жатып, негізгі жолдан өтіп бара жатқан Toyota Coaster автобусымен соқтығысқан», - делінген хабарламады.
Соқтығысу нәтижесінде автобус аударылып қалды.Жол апатынан автобустың үш жолаушысы зардап шекті. Медициналық тексеруден және алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олардың барлығы үйлеріне жіберілді.