«Арамызда бірнеше рет ұшаққа ауысып отырғандар бар. Ақтауға қонғанда бір сағаттан астам уақыт бойы ұшақтан шығармай қойды. Таң азанда, 06.50-де кішкентай балаларымызбен бірге суық автобусқа отырғызып, провизорлық стационарға әкелді. Мұндағы жағдайды көріп, жаға ұстадық. Біріншіден, палаталар суық, ызғар еседі. Екіншіден, күлімсі иіс қолқаны жарады. Не шкаф, не жуынатын бөлме жоқ. Суып қалған тамақпен қоректендіруде. Мұндай жағдайда жылы жақтан келген адам суық тиіп, ауырып қалуы мүмкін. Бұлар біздің ауырып қалуымызды қалай ма?!» деп долданады жолаушылардың бірі.Түркиядан елге оралған ұшақта 94 жолаушы болды. Бірақ оның 83-нің қолында ПТР-тест анықтамасы болғандықтан, бірден үйлеріне жіберіліпті. Тек үйіне лайықты жетудің қамын шетелде жүріп жасамаған, жауапкершілік танытпаған 11 адам стационарға жөнелтілді.
Ерік ЕРДЕНОВ