Баласын өлтіріп, мәйітін мұздатқышта сақтаған әйел туралы көршілері айтып берді
Баласын өлтіріп, мәйітін мұздатқышта сақтаған әйел туралы көршілері айтып берді
239
оқылды
Туған ұлын өлтіріп, мүрдесін екі айға жуық уақыттан бері мұздатқышта ұстады деген күдікке ілінген әйел қазір қамауда отыр. Алайда көршілерінің айтуынша, әйел баласының жоғын білдіртпей жүріпті.

«Әйелдің апайы бізге жүгіріп келіп, бала мұздатқышта өліп жатыр деді. Біз бірден полиция шақырдық. Баланы шілде айының ортасынан кейін көрмедік. Бұрын күйеуімен Ресейде тұрған. Қазір бір жылдан бері осы жерде тұрады. Баласын ылғи жылатып жатады. Бізге жақын тұрғандықтан жылаған дауысын да еститінбіз. Баласы біздің үйге келіп, үнемі қасымда жүретін. Бала «үйге бармаймын» дейтін. Ал әйелдің өзі соңғы кезде жағалай қарыз сұрап кетті. Көршілердің бәріне қарыз. Бірақ ұлын өлтіргені жайлы сыр білдірмеді. Бала қайда деп сұрасақ, Талдықорғанда тәрбиешіде дейді, болды», - деді Қаратал ауданына қарасты Үштөбе қаласының тұрғыны Любовь Слесаренко.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының Үштөбе қаласында 27 жастағы әйел екі жастағы баласын өлтірді деген күдікпен ұсталғанын болатын.