Ауладағы әжетханадан телефонын алмақ болған адам, оған өзі құлап түскен
Ауладағы әжетханадан телефонын алмақ болған адам, оған өзі құлап түскен
244
оқылды
41 жастағы семейлік азамат ауласының алдындағы әжетхананың шұңқыран құлап кеткен. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қазан күні сағат 09:55-те «112» номеріне ер адамның әжетханаға түсіп кеткені жайында қоңырау түскен.

 «Оқиға орнына жеткен құтқарушылар сағат 10:13-те Семей тұрғынын шұңқырдан алып шықты. Қазіргі уақытта оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ер адам ауыр жарақат алмаған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Белгілі болғандай, бұл жағдайға азамат ұялы телефонын алып шығуға әрекеттенгенде тап түскен.