«Айталық, көші-қон қызметі қызметкерлері К.Әзербаев көшесіндегі үйлердің бірінде 2016 жылдан бері 259 адам тұрақты тіркеуге тұрған пәтерді анықтады. Дәл осы пәтерде 289 адам уақытша тіркеуге алынған. Бұған қоса, осы жылдың тамызында ғана «пысық әйел» пәтеріне 154 адамды тұрақты тіркеуге қойған. Пәтер иесіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 493-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Отбасының 4 мүшесінен басқа бұған дейін тіркеуге алынған адамдардың барлығы тіркеуден шығарылды», – дейді ведомство өкілдері.Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті көші-қон қызметі көші-қон заңнамасының бұзылуының алдын алу мақсатында тұрғындарға тұрғылықты жерлеріне уақытында тіркелуге шақырады. Мекенжай мәліметтерінде қайшылық болған кезде Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшелеріне жүгіну қажет. Осы жылдың 9 айында елордада 121 мыңнан астам тұрақты және 30 мыңға жуық адам уақытша тіркеуге тұрды. Статистикалық дерекке сәйкес, соңғы 2 жылда Ақмола, Түркістан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары елордаға жиі қоныс аударатыны байқалып отыр.
Тұмар МЫРЗА