Жамбылда 8 айда 184 егіз дүниеге келді
Жамбылда 8 айда 184 егіз дүниеге келді
247
оқылды
Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласының  тұрғыны Айна Түменбаева үшемді дүниеге әкелді. Облыстық көпбейінді аруханада жарық дүние есігін ашқан үш ұлдың алғашқысы 2400 грамм болса, екіншісі – 2300, ал үшіншісі – 1800 грамм.
- Туылғаннан кейін балалар арнайы күтімді қажет етіп, жансақтау бөлмесіне орналастырылды. Келесі күні оларды анасына қасына шығарып, дәрігерлердің бақылауына алынды,- дейді неонатолог дәрігер Талғат Толықбаев.
Балалардың ата-аналары ұлдарына Айсұлтан, Жансұлтан және Бексұлтан деген  есім беріп отыр. 32 жасар Айна балабақшада тәрбиеші болса, жолдасы Азиз Байкеев өндіріс орнында қызмет етеді. Айта кетейік осыдан 4 жыл бұрын отбасында егіз ұл мен қыз дүниеге келген.  width=
- УЗИ құрсақтағы баланың үшем екенін бірден көрсетті. Сол себепті біз бәріне дайын болдық. Отбасымның мүшелері көбейгеніне шексіз қуаныштымын, - дейді Айна.
Жалпы Жамбыл облысында соңғы сегіз айдың қорытындысы бойынша 18128  әйел босанып, оның 184-і  егіз тапқан. Үш ана үшемді дүниеге әкелген.  Бұл сөз жоқ демографияға дүмпу әкелетіні даусыз.

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы