Ертістің жағасынан мамонттың бір жарым метрлік азу тісі табылды
Ертістің жағасынан мамонттың бір жарым метрлік азу тісі табылды
5,285
оқылды
Павлодар облысында «Жұлдыз» іздеу жасағының қатысушылары біздің заманымызға дейін өмір сүрген  жануардың сүйегін тапты. Бұл туралы Aikyn.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтей отырып хабарлайды. Ертіс бойымен төрт күндік жүзу кезінде іздеушілер Қашыр және Железин аудандарының шекарасындағы өзен жағасын тексерді. Экспедицияға қатысушылар ежелгі жануарлардың сүйектері мен фрагменттерін Железинка ауылынан 40 шақырым жерде, жағаның жартасынан тапты. Ең үлкен олжа мамонттың азу тісі болды. Оның салмағы 25 келі, ұзындығы – бір жарым метр.

– Мамонттың азу тісі суда жатты. Жергілікті адамдар оны жағадан бірнеше метр қашықтан тапты. Олар бізге оны судан шығаруға көмектесті. Біздің іздеушілер мамонттың екі тісінің, жануарлардың аяқ-қолдарының  және бизонның екі мүйізінің фрагменттерін тапты. Бір уақытта мұндай үлкен олжа табу үлкен сәттілік. Бұрын бұл жерлерде жойылып кеткен жануарлардың сүйектері табылған, бірақ мұндай үлкен азу тіс алғаш рет табылып отыр. Бұл тұтас азу тістің үшінші бөлігі, – дейді өлкетанушы Марат Аминов.

Экспедиция қатысушылары өз олжаларын жергілікті мұражайға тапсырды.