Сүйіктісіне ренжіген 20 жастағы жігіт балконнан секіріп кеткен (видео)
Сүйіктісіне ренжіген 20 жастағы жігіт балконнан секіріп кеткен (видео)
340
оқылды

Оқиға 11 қазан күні Алматыда болған.  Қала ішіндегі «Алтын бұлақ-2» тұрғынүй комплексінің 3 қабатынан жігіт балконнан секіріп кеткен. Міне, осындай видео әлеуметтік желіде кеңінен таралып кетті.

Полиция департаментінің айтуынша, «жігіттің жасы 20 жаста екен, 2000 жылы туған екен.

«Жігіт көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы кіреберістегі балконынан секіріп кеткен. Құдайға шүкір, ол аман-есен. Сол жерде бірден оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, емханаға жеткізілді. Жігіттің айтуынша, ол мұндай әрекетке сүйіктісімен ұрсысып қалғандықтан барыпты. Оның қызы негізі осы үйде тұрады екен», - дейді Қалалық полиция басқармасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

[embed]https://www.instagram.com/p/CGL_NHWD1sa/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed]