Танымал «Қытай дауысы» ток-шоуында қатысушылардың бірі Димаш Құдайбергеннің қазақ тіліндегі әнін акцентсіз орындап, көпшілікті тәнті етті.
“Бойжеткен “Қытай дауысы” шоуында Димаштың “Ұмытылмас күн” әнін орындады”, – деп жазған видеомен бөліскен парақша. Арудың орындауы төрешілерді ғана емес, көрермендерді де баурап алғаны соншалық, тыңдармандар әншіге барынша қошемет көрсетіп жатқаны байқалады.
[embed]https://www.instagram.com/p/CGHEKwTgjis/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed]
Видеомен бірге жарияланған скриншоттағы ақпаратқа сенсек, бойжеткеннің есімі – Мадина. Орындаушы туралы әзірге өзге ақпарат жария болмады. Айта кетсек, “Қытай дауысы” – Чжэцзян телеарнасында көрсетілетін әлемге танымал шоулардың бірі. Аталмыш шоуда 2013 жылы этникалық қазақ Тасқын “Дударай” әнін орындап, төрешілерді “жылатқан” еді.
Еске салсақ, бұған дейін MTV ерекше сұранысқа ие болған Димаш Құдайбергенді тағы да көрсететінін жазған едік. Димаш АҚШ-тағы MTV телеарнасында қазақ тілінде ән айтқан алғашқы қазақстандық атанған.