Бұл жайында Coronavirus2020 Telegram-каналында жарияланған.
2020 жылғы 5 шілдеден бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдардың статискасы бойынша, талапты көп бұзған үш аймақ анықталды.
Олар мыналар:
1. Алматы қаласы - 3837 хаттама
2. Түркістан облысы - 2974 хаттама
3. Қостанай облысы - 1323 хаттама
Осы уақыт аралығында ҚР ӘҚБК 425-бабының 1-тармағына сәйкес 894,8 миллион теңге болатын 15817 хаттама толтырылғаны хабарланды. Оның ішінде жеке тұлғаларға салынған айыппұл 307,4 миллион теңге болған.