ЕАЭО аясында тауар тасымалдаушылар ілеспе құжаттарды үйде ресімдей бастайды
ЕАЭО аясында тауар тасымалдаушылар ілеспе  құжаттарды үйде  ресімдей бастайды
162
оқылды
Еуразия экономикалыұ одағы аясында тауар тасымалдау үшін толтырылатын ілеспе құжаттарды енді үйде отырып ресімдеуге болады. 2020 жылғы 1 қарашадан бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылмақ.  Жаңа жұмыс жүйесі бойынша ТІЖ ресімдеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ЕАЭО елдерімен өткенге дейін қажет. Сондай-ақ, пилоттық жоба шеңберінде ЕАЭО елдерімен өзара саудада экспорт және импорт операцияларды жүзеге асыру кезінде ТІЖ ресімдеу көзделген. Ресімделген ТІЖ-і бар автомобильдерден өткізу пункттерінде тауарға ілеспе құжаттарды сканерлеу талап етілмейді. Осылайша ЕАЭО елдерімен мемлекеттік шекарадан өту процесін жеделдетеді. Жалпы, пилоттық жоба 2021 жылғы 1 наурыздан бастап ТІЖ міндетті енгізуге «жұмсақ» көшу үшін жүзеге асырылатын болады. Пилотты жүргізу кезінде әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды. Пилоттық жоба салық төлеушілерге ТІЖ-мен жұмыс істеуге бейімделуге, олардың есеп жүйелерін және сатып алушылармен, жеткізушілермен өзара әрекеттесуді орнатуға арналған. ТІЖ ресімдеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алынған ЭЦҚ көмегімен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы келісімге қол қою арқылы ЭШФ АЖ-да тіркелу қажет. ЭШФ АЖ-да тіркелу және жұмыс істеу тегін. Тұмар МЫРЗА