Синоптиктер 13-15 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
"Қазақстанның басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын әкелген антициклон әсер етеді. Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлеріне Солтүстік циклонның жырасы әсер етеді, онда кейде аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр) өтеді. Жалпы республика бойынша ауа температурасының біртіндеп көтерілуі, кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік бөлігінде шаңды дауыл күтіледі", - дейді синоптиктер.