Асқар Мамин оқушылардың мектепке оралуына қатысты сауалға жауап берді
Асқар Мамин оқушылардың мектепке оралуына қатысты сауалға жауап берді
179
оқылды

Қазақстанда оқушыларды дәстүрлі оқыту форматына көшіру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы  депуттардарың жолдаған сауалына жауап берген Премьер-Министр Асқар Мамин айтты.

Бұдан бұрын Мәжіліс депутаттары Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерін сынға алып, оқушыларды мектепте оқытуды талап еткен болатын.

"ДДСҰ мәліметінше, 12 жастағы және одан ересек жастағы оқушылар коронавирусты тасымалдауда белсенді рөл атқарады. 4 қазандағы ахуал бойынша оқушылар арасында 136 жағдай тіркелген, олардың 51-і кезекші сыныпта оқыса, 85-і қашықтан оқу барысында жұқтырған", - деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, күзгі тымау маусымы кезінде ұйымдастырылған жабық ұжымдарды ұйымдастыру оқушы, мұғалім, ата-аналар арасында коронавирустың тез таралуына алып келеді. Бірқатар елдерде ( Германия, Ресей, Англия, Польша, Франция, АҚШ, Оңтүстік Корея, Үндістан) мектепте барып оқу салдарынан коронавирус тез таралып, мектептер карантинге жабылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін оқушылар коронавирусты мектепте емес, үйде жұқтырғаны туралы жазған болатынбыз.