Премьер-министр Асқар Маминнің қаулысымен Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы бірқатар білім беру және мәдениет мекемелеріне тарихи тұлғалардың есімі берілді.Атап айтқанда:
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Өнер колледжі – музыкалық эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ермек Серкебаевтың есімі;
«Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Ақан серінің есімі берілді.
СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының «№4 Булаево орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бұдан былай - «Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аталады.
«СҚО Жамбыл ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Преснов жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қожаберген жырау атындағы жалпы білім беретін мектеп» болып өзгерді.
Сондай-ақ Ақмола облысында бірқатар білім ұйымдарының атауы өзгерді.
«Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абайдың есімі;
Көкшетау қаласы білім бөлімінің «ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әл-Фарабидің есімі берілді.
Сондай-ақ Степногорск қаласының білім бөлімінің «Н. Островский атындағы №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Степногорск қаласының білім бөлімінің «А.М. Горький №2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Степногорск қаласының білім бөлімінің «А.П. Гайдар атындағы №8 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Шоқан Уәлиханов атындағы №8 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Степногорск қаласының білім бөлімінің «А. Косарев атындағы №9 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қаныш Сәтпаев атындағы №9 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.