Атырауда карантин мерзімі ұзартылды
Атырауда карантин мерзімі ұзартылды
5,203
оқылды
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері биыл 12 қазанда өңірде карантин шараларын ұзарту туралы қаулыға қол қойды. Атырау облысында 2020 жылғы 12 қазан сағат 00:00-ден бастап COVID-19 бойынша жағдай тұрақтанғанға дейін шектеу шаралары ұзартылады. Мұнымен қоса, бес жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын, жеке және 5 адамнан аспайтын топтық спортпен айналысатын адамдарды қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, қоғамдық орындарда, қоғамдық транспортта, халыққа қызмет көрсету және демалуға арналған ғимараттарда, ашық ауада медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті. Демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметіне шектеу қойылған.