Жедел әрекет ету топтары 2020 жылдың 26 мамырында Қазақстанның барлық аймағында ашылды. Олар «Бақытты отбасы» жол картасы аясында «Nur Otan» партиясы жанындағы отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің бастамасымен іске асырылды. Осы топтардың жұмысының арқасында зорлық-зомбылыққа тап болған отбасылардың жағдайын жедел анықтауға және уақытында қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік туады. Сондай-ақ «111 жедел қызметіне» келіп түскен сигналдарға жедел жауап беру үшін құрылды.
– Қалада жалпы 8 негізгі жедел әрекет ету топтары мен 102 кіші топтары құрылып, қазіргі кезде жұмыс істеуде. Олардың құрамына әлеуметтік қызметкерлер, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар, учаскелік полиция қызметкерлері, патронаттық мейірбикелер, мұғалімдер, психологтер, еріктілер, әлеуметтік белсенділер кіреді, – дейді «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Бисембаев.
Кездесу соңында пікір алмасып, туындаған барлық мәселелер бойынша қатысушыларға түсініктеме берілді.