Алимент орнына үйін берді
Алимент орнына үйін берді
332
оқылды
Нұр-Сұлтан қалалық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының хабарлауынша, Е. есімді азаматтың алимент бойынша берешегі – 888 270 теңгені, мүлікті бөлу бойынша қарызы – 3 391 070 теңгені құрайды. Сот орындаушысы борышкерді мүлікті өз еркімен беруге көндірді. Олай болмаған жағдайда үй аукцион арқылы сатылатын еді. Борышкер ойланған соң, үйін басқа біреуге сатқаннан гөрі балаларыма қалсын деген шешімге келген. «Азамат Е.-нің әрекеті алимент берешегі бар өзге азаматтарға үлгі болар деп үміт артамыз. Олар өзге біреуге емес, өз балаларына қарызын өтейді. Бұл жарқын үлгі екені сөзсіз және сот орындаушының да мінсіз жұмысы қуантады», – деді Нұр-Сұлтан қалалық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева. Оның айтуынша, бүгінгі таңда елорданың сот орындаушыларының өндірісінде алиментке қатысты 14 342 іс бар. Бұған дейін астаналық сот орындаушылары балаларына алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкердің Toyota Land Cruiser Prado көлігін алып қойған болатын.  

Тұмар МЫРЗА