– Партияның бұл праймеризі талай азаматқа қанат бітіргені рас. Мен де осы елдің азаматы ретінде бағымды сынауды жөн көрдім. Маған Сарыағаштың өзекті мәселелері таңсық емес. Үгіт-насихат кезеңінде бір күнді бос өткізбей, барлық шалғай елді мекенді аралап, елмен кездестім. Мектептерді түгел аралап шықтым. Сайлауалды бағдарламамда бірнеше саланы қамтып, жоспар құрдым. Жастарға, ұстаздарға, мұғалімдерге, жалпы аудан тұрғындарына жан-жақты қолдау көрсетуді көтердім. Алдымен Сарыағаш ауданының, өз ауылымның мұң-мұқтажын билікке жеткізіп, бірге шешсем деймін. Екіншіден, өзімнің негізгі мамандығым – спортқа ерекше басымдық бермекпін. Сарыағаш ауданында халық өте тығыз орналасқан. Бірақ бірде-бір олимпиадалық спорт мектебі жоқ. Бапкерлеріміздің, спортшыларымыздың жағдайын жасауға күш саламын, – дейді ол.Бапкер праймериздің маңызды әрі керек бастама екеніне де тоқталды.
– Бұл бір ерекше саяси қадам болды. «Nur Otan» партиясының бастамасы уақытында қолға алынды дер едім. Егер өз өңірінде ел сеніміне ие болсаң, жеңесің, егер дауыс жинамасаң, ешкімге ренжи алмайсың. Сарыағаш жұртшылығына, спорттағы әріптестеріме, ауылдастарға, маған сенім білдірген жерлестеріме рақмет. Сенімді ақтауға уәде беремін, – деді праймериз үздігі.
Әбілмансұр ЖАСАН