Жасырын кеш өткізген
Жасырын кеш өткізген
198
оқылды
Бас санитарлық  дәрігердің қаулысы бойынша енді кафелердің жұмысы түнгі сағат 00.00-де тоқтатылады. Ал мейрамханалардың жұмысына шектеу қойылды.
– Осы таңға дейін  қанша ескертсек те, тығылып той жасап келгендер болды. Алайда күні кеше  тағы 12 жаңа мобильді топ құрылып, енді тексеріс жұмыстары күшейтілетін болады. Бұл менің шығарып отырған бұйрығым емес. Коронавирус індеті әлемдік пандемия сипатын ал­ған­дықтан, барлығымыз тәртіпке бағын­уымыз керек. Сонда ғана өзіміз бен жа­қындарымыздың өмірін қорғай аламыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, мектептер де белгілі шектеумен  жұмыс істеп жатыр. Егер бәрі жақсы болса, неге балаларымызды мектепке бермейміз? Осыдан-ақ түсін­сеңдер болады. Сондықтан арқаны кеңге салмай, барша бизнес өкілдерін тәртіпке бағынуға шақырамын, – деді қала әкімі.
Жиында мейрамхана иелеріне де сөз беріліп, олардың дені тойхана жұмысын тоқтатпауды, 80 адаммен үш сағаттық кештер өткізуге рұқсат сұрады. Алайда қала басшысы бұған рұқсат жоқ екенін бірден айтты. Енді бір тойхана иесі өздері дәрігер жалдап, қонақтарды жіті тексеруден  өт­кізе алатындарын ұсынғанымен, қала әкімі оған да рұқсат берілмейтінін жет­кізді. «Енді бала-шағаны қалай асыраймыз?» деген  бизнес өкілдеріне бол­са, Айтқазы Қарабалаев тойхананы түн­гі сағат 00.00-ге дейін жұмыс істейтін кафе үлгісіне ауыстыруды ұсынды. Немесе қала әкімдігіне келсе, жұмыспен қамту бағ­дарламасы бойынша басқа жұмыс тауып беруге дайын екендерін жеткізді.  

С. САТЫЛҒАН