Polisia.kz мәлімдеуінше, алаяқ «Қазақмыс» компаниясына жұмысқа орналастырамын деп алдап, тұрғыннан 7 миллион теңге сыпырып алған екен.
55 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны сол жақтағы бір келіншекке ұлын «Қазақмыс» компаниясында жұмыс орналастырамын деп сөз берген. Бірақ ол қызметіне алаяқ 7 миллион теңге сұраған. Әлгі әйел болса, қажетті соманы алаяққа тауып берген. Ал алаяқ ол ақшаны алып, хабарсыз кеткен.
Қазір аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.