БҚО тұрғыны ақ бөкеннің 632-і мүйізін тасымалдаған жерінен ұсталды
БҚО тұрғыны ақ бөкеннің 632-і мүйізін тасымалдаған жерінен ұсталды
140
оқылды
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Nissan Maxima автокөлігін тоқтатқан. Көліктің жүргізушісі Казталов ауданының 31 жастағы тұрғыны болып шықты.

- Көлік салонының артқы жақында 632-і дана ақбөкеннің мүйізі шықты. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге, сондай-ақ тыйым салынған өсімдік немесе жануарлар түрлеріне, олардың мүшесін заңсыз тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұрын да заңға қарсы келіп, 2019 жылы ол ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы «Заңсыз аң аулау» бойынша жауапқа тартылған екен. «Мой горд» порталының мәлімдеуінше, қазір ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.