Мұғалім балаларға суицидке шақыратын мәтінді талдауды тапсырыпты
Мұғалім балаларға суицидке шақыратын мәтінді талдауды тапсырыпты
190
оқылды
Оны естігенде бала түгілі, ата-аналардың төбе шаштары тік тұрған. Бірден әлеуметтік желіге жариялап, түсініктеме беруін талап еткен. Білім басқармасындағылар мұндай тапсырманың оқу бағдарламасында болмағанын растап отыр.

Мектеп оқушылары ата-аналарының төбе шашын тік тұрғызған оқиға 9 қазан күні болған. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі бабаларға берген мәтінде баласына ашуланған анасы: "Егер сені көзім енді көрмесе мен бақытты болар едім" депті. Оны естіген бала әкесінің қаруын алып атылып өліп, соңғы хатында анам енді сен бақыттысың мені енді көрмейсің" деп жазып кетіпті. Мұндай тапсырма берген мұғалім, мәтінді ғаламтордан алғанын жеткізді.

«Платформада бұл тапсырма болған жоқ. Менің қызым бұл тапсырманы орындаған жоқ. Психологиялық тұрғыдан дұрыс емес тапсырма берілді дегенді естіп, наразы болдым. Ал қалалық білім басқармасындағылар бесінші сынып оқушыларына талдауға берілген мәтіннің мектеп бағдарламасында жоқ екенін жеткізді. Орыс тілі пәнінің мұғалімі шығармашылықпен айналысқысы келіп, өз бетімен тапсырма жолдаған дейді. Бірақ мәтіннің психологиялық құрамдас бөлігіне назар аудармағанын жеткізді» дейді оқушының анасы Ольга Сокал. Қалалық білім басқармасының бөлім басшысы Ақмарал Айтуарованың айтуынша, бұл жерде №132 гимназияның мұғалімі дайындағанын және мұндай тапсырманы бір сынып қана алған екен.

«Яғни, бүкіл қаланың оқушылары осындай тапсырма алмағанын дәлелдейді. Біз мұғаліммен мектеп директорымен сөйлестік, мектеп әкімшілігі және біз ата-аналардан кешірім сұраймыз» деді ол.

Әлеуметтік жетіні шулатқан мәтінге байланысты қалалық білім басқармасының басшылығы мектеп гимназия басшысы мен мұғалімге ескерту беріп, қала мектептеріне мұндай жағдайдын енді қайталанбауын тапсырылыпты.