Көкшетаудың үстінен ұшқан тікұшақты көрген тұрғындар әуеден бір зат шашып жүр деп шошыған, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы.
Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қаласында 9-23 қазан аралығында Ақмола облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы әскери техника мен арнайы автокөліктерді жұмылдыру арқылы жоспарлы оқу-жаттығуын өткізіп жатыр.
«Қала тұрғындары мен қонақтарына сабырлық танытып, оқу-жаттығу шарасына түсіністікпен қарауға, сондай-ақ шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратпауға шақырамыз», - делінген ведомствоның хабарламасында.