Тоқаев Қырғызстандағы жағдайға қатысты пікір білдірді
Тоқаев Қырғызстандағы жағдайға қатысты пікір білдірді
170
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға қайтқаны қуантатынын айтты.

"Президент С.Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдаймын. Қазақстан үшін Қырғызстандағы тұрақтылық стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде маңызды. Бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға қайтқаны қуантады. Біз барлық саяси күштерді қақтығыстардың алғашқы сәтінен ақ сабырға шақырдық", - деді Мемлекет басшысы.