Тұрғындармен кездесу өткізді
Тұрғындармен кездесу өткізді
292
оқылды
Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева қала тұр­ғын­дарын жеке мәселелері бойынша қабыл­дады. Онлайн қабылдауда азаматтар әлеуметтік сипаттағы сұрақтар, оның ішінде көпбалалы аналарға және қарт адамдарға арналған пан­сионатқа көмек көрсетуге қа­тысты көкейлерінде жүрген сұрақ­тарын қойды. Қабылдауға қатысқан тұрғындар өзге де өзекті мәселелерге бай­ланысты бірқатар сауалдарына жауап алды. Басқарма басшысы азаматтарға барлық сұрақтар бойынша заң ая­сында түсіндірме беріп, пан­сио­натқа қолдау көрсетуге қатысты арда­герлер үйімен кездесу ұйымдас­ты­ратынын, өтініштердің орын­далуын өз бақы­лауына алатынын жет­кізді. Кездесу соңында пікір ал­ма­сып, барлық туын­даған мәсе­ле­лер бойынша қа­тысушыларға тү­сініктеме берілді.  

Әбілмансұр ЖАСАН