Өздеріңізге белгілі, Birgemiz қоры осы жылдың наурыз айында Тұңғыш Президент – «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін құрылған болатын. Сол кезден бері Қызылорда облысы бойынша Birgemiz қоры есебінен 24 030 азамат 50 мың теңге көлеміндегі біржолғы материалдық көмекпен қамтылды. Бұл жолы қор есебінен берілетін материалдық көмек нақты 4 санат бойынша бұған дейін қамтылмаған 5 445 Қызылорда қаласының тұрғындарына үлестірілуде.
Санаттар бойынша азаматтар тізімі қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы мемлекеттік деректер қорынан алынды. Санаттар мен бөліністері төмендегі кестеде көрсетілген. Тізімде бар-жоғыңызды анықтау үшін 26-46-28; 27-62-53 байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.