52 жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты
52 жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты
213
оқылды
Бұған дейін де «Өмір» жо­басы бойынша ауруханаларға 21 аппарат, ал «Шипа» арқылы 400 отбасына дәрі-дәрмек тап­сырылған болатын. Яғни, пар­тияның үйлестіруімен тап­сырылған жасанды тыныс алу аппаратының саны 52-ге жетіп отыр. Жиында «Nur Otan» пар­тиясы Түркістан облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев пандемияға қарсы күресте босаңсуға жол жоқ екенін мә­лімдеді. Елімізде корона­вирус індеті шарықтап, ел қиналған сәтте партия тарапынан BizBirgemiz акциясы қолға алынған. Облыста 43 мыңнан астам отбасына азық-түлік берілсе, 34 055 отбасына 50 мың теңгеден төленді. Таяуда тағы 4 852 отбасына 50 мың тең­геден беріледі деп жоспар­ланып отыр.
– Облыстық мәслихат де­путаттары, партия мүшелері және өзге де кәсіпкерлердің кө­мегімен «Өмір» жобасы бо­йынша 52 жасанды тыныс алу аппараты сатып алынды. Сонымен бірге «Шипа» жобасы арқылы аз қамтылған 600 от­басы дәрі-дәрмекпен қамтыл­ды. Ел азаматтарына, кәсіп­керлерге, «Jas Otan» Жастар қанаты мен Jas Turkistan еріктілер клубына алғысымыз мол, – деді Б.Дәулетұлы.
Жалпы, «Өмір» және «Шипа» жобаларына атсалыс­қан кәсіпкерлер мен «нұр­отан­дық» депутаттар тарапы­нан қа­ражат жиналды. Солар­дың қатарындағы Нұралы Әбішов, Мағауия Тұрысбеков, Алмас Салимов, Қайнар Абасов және Жаңабай Ағабеков бастаған бір топ аза­мат та осы іс-шараға қатысып, лебіздерін білдірді.  

Әбілмансұр ЖАСАН