Жамбыл және Алматы облыстарында 1-3 градус үсік жүреді
Жамбыл және Алматы облыстарында 1-3 градус үсік жүреді
162
оқылды
Оның айтуынша, Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында.

Сол себепті еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Тек Қазақстанның шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын жауады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Жамбыл мен Батыс Қазақстан облысының батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.