Талдықорғанда қыз-келіншектерге жыныстық қызмет көрсеткен жезөкше жігіттер ұсталды.
Оған қоса, полицейлер «төсек серілерін» ұсынған монша кешеніндегі 33 жастағы әкімші-жеңгетайды да қолға түсірді. Оқиға орнында қолға түскен ер адамның қалтасынан "қызметіне" алған ақшасы да тәркіленген. Тіпті осы секілді жезөкше еркектердің нөмірін моншаның әкімшісі сұрау салғандарға беріп отырған.
«Әкімші және жезөкше жігіттер дәл іс үстінде құрықталған. Бұл фактімен Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 309-бабының 1-бөлігі, яғни жезөкшелікпен айналысуды ұйымдастыру және притон ұстау дерегімен қылмыстық іс қозғалды», - деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.