Ыстықкөлде бүлікшілер шипажайды басып алмақ болған
Ыстықкөлде бүлікшілер шипажайды басып алмақ болған
71
оқылды

Бүлікшілер Ыстықкөлдегі "Аврора" шипажайын басып алмақ болған.

Милиция басқыншыларды қуып шыққан. Ақпаратты 24.kg порталына Ыстықкөл Ішкі істер басқармасындағылар растады.

Ведомствоның мәліметінше, демалыс аймағына бұрын жұмыстан шығарылған қызметкерлердің туыстары кірген және директордың жұмыстан кетуін талап еткен. Милиция өкілдері олармен сөйлескен. Олардың іс-әрекеті заңсыз екенін түсіндірген және жұмысын тек сот арқылы қайтарып ала алатынын жеткізген.

Соңында олар кеткен. Қазір "Аврораны" аймақтың Ішкі істер басқармасының қызметкерлері күзетіп отыр.