Министр Қазақстанда төтенше жағдай режимін енгізуге қатысты пікір білдірді
Министр Қазақстанда төтенше жағдай режимін енгізуге қатысты пікір білдірді
182
оқылды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қайтадан төтенше жағдай режимін енгізуге қатысты сауалға жауап берді.

"Бәрі эпидемиялық жағдайға байланысты. Егер ахуал ушықса, төтенше жағдай енгізіледі. Біз қазір Қазақстандағы тұрақты жағдайға сеніп отырмыз. Тұрақтылықты қызметтердің жұмысы, әрбір азаматтың маска киіп, арақашықтық сақтап, бұқаралық шара өткізбей халықты қорғау ісіне қатысуы арқасында сақтаймыз деп сенеміз. Егер осының бәрін істесек, коронавирусты карантинсіз жеңеміз деп үміттенеміз", - деді Цой.

Еске сала кетейік, бұған дейін 14 қазаннан бастап елордада карантин күшейтілгенін жазған болатынбыз.