Партияның облыстық филиалы жыл бойы өтініш білдірген ұзақ өмір сүрушілердің, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, жалғыз басты зейнеткерлердің тізімін жасап, Қарттар күні қарсаңында ардагерлерге құрмет көрсетті.
Халықаралық қарттар күніне орай партияның Павлодар филиалы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, жалғыз басты зейнеткерлерді құттықтап, арнайы акция өткізді.
Партиялықтар келесі азаматтарды құттықтады:
- Королева Анастасия Степановна, 101 жаста, еңбек ардагері, тыл еңбеккері;
- Хабазов Виктор Александрович - 94 жаста, Ұлы Отан соғысының қатысушысы;
- Лялина Надежда Зосимовна-101 жаста, тыл еңбеккері;
- Хасенова Раушан Қабығалиқызы - 95 жаста, тыл еңбеккері.
1 қазанда нұротандықтар 83 павлодарлық ардагерді құттықтап, оларға азық-түлік жиынтықтары мен қажетті керек-жарақтарды табыс етті.