15 қазанда Қазақстанның 2 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Ақмола облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-95 %.