Норвегия коронавирусқа қарсы вакцинаны өз азаматтарына тегін береді
Норвегия коронавирусқа қарсы вакцинаны өз азаматтарына тегін береді
124
оқылды
Швеция қажет шамадан көп вакциналар сатып алады. Ал артығын Норвегияға сатады, – деп түсіндірді Норвегия үкіметі.
«Норвегия үкіметі өз азаматтарына COVID-19 коронавирусына қарсы вакцинаны тегін береді. Бұл елдегі ұлттық вакцинация бағдарламасының бөлігі болады», – деп хабарлайды Reuters.
Бірыңғай еуропалық нарықтың бөлігі болып табылатын, бірақ Еуропалық Одақтың мүшесі емес Норвегия ЕО фармацевтикалық компаниялармен жасалған келісімдер арқылы алатын вакциналарға қол жеткізе алады. Соңғы мәліметтер бойынша Норвегияда коронавирустың 15 793 жағдайы анықталды. 12 мыңға жуық науқас сауығып, 277 адам қайтыс болды. Соңғы 14 күнде Норвегияда Еуропадағы инфекцияның ең төменгі деңгейітіркелді.