Шығыс Қазақстан облысында 1 қыркүйектен 13 қазанға дейінгі аралықта 62 оқушының коронавирус жұқтырғаны анықталған. Оның ішінде, 37 оқушы кезекші сыныптарда, қалған 25 оқушы қашықтан оқиған, - деп хабарлады облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Вирус анықталған барлық мектептерде дезинфекция жүргізілген.
Аудандар мен қалалар бойынша:
Риддер – 12 оқушы (1 қашықтан / 11 оффлайн);
Алтай ауданы – 11 оқушы (2 қашықтан /9 оффлайн);
Глубокое ауданы – 11 оқушы (7 қашықтан /4 оффлайн);
Өскемен – 10 оқушы (6 қашықтан /4 оффлайн);
Семей – 7 оқушы (6 қашықтан / 1 оффлайн);
Көкпекті ауданы – 5 оқушы (3 қашықтан /2 оффлайн);
Шемонаиха ауданы – 2 оқушы (0 қашықтан / 2 оффлайн);