Шымкентте құдықта бірнеше жыл жатып қалған әйелдің мәйіті табылды
Шымкентте құдықта бірнеше жыл жатып қалған әйелдің мәйіті табылды
318
оқылды

Шымкенттік полицейлер құдықтан табылған адам мәйіті бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Марқұмның денесі көрпеге оралып, жабысқақ таспамен оралған күйі жатқан. Әйелдің бойы шамамен 160 сантиметр, ал жасы 30-да.  Мамандардың болжамынша, мәйіт бірнеше жыл жатып қалған. Азаматшаның аты-жөні анықталмады.

«Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес әйелдің өлімі бір жылдан астам уақыт бұрын болған. Мәйіттің сүйек қаңқаларының жарақаттары анықталмады. Қазір мәйіттің жеке басын анықтауға және қылмысты ашуға бағытталған барлық жедел шара жүргізілуде» деді ПД бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев.