Той өткізген 140 адамға айыппұл салынды
Той өткізген 140 адамға айыппұл салынды
187
оқылды
Қызылорда облысында қойылған шектеулер мен карантин шараларының сақталуын бақылау үшін 24 мониторинг тобы құрылған. Топ мүшелері бүгінгі күнге дейін 140-қа жуық той өткізген адамды анықтады. Оларға қомақты мөлшерде айыппұл салынды. Өңірде кейбір кафелер шекті уақытқа қарамай, жұмысын жалғастырған. Жұмысшы топ тарапынан 2486 рейд жүргізілді. Облыс бойынша жеке адамдар және бизнес субьектілері тарапынан 602 карантин талабын бұзу дерегі тіркелді. Нәтижесінде әкімшілік хаттамалар толтырылып, 30 миллионға жуық айыппұл салынды.

«Қазіргі кезеңде тиісті қаулы талаптарын қатаң сақтау қажет. Қазақта «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген сөз бар. Әр адамның денсаулығы мықты болуы өз қолында. Сондықтан сақтық шараларына аса мән берейік», - деді облыстық Тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, облыс бойынша бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова.