Жамбылда жүргізушілер құжатсыз жүйткіп жүр
Жамбылда жүргізушілер құжатсыз жүйткіп жүр
273
оқылды
Жамбыл облысы Сарысу ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген тексеру жұмыстары барысында 854 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның 33-інде азаматтар көлікті жүргізуші құжатынсыз басқарған.      Қазан айынының басынан басталған тексеріс кезінде  бұдан бөлек 12 жүргізуші көлікке масаң күйде отырса, 27 азамат жолдың қарсы бағытына шығып кеткені үшін ұсталған. Ал Жаңатас қаласында жасы кәмелетке толмаған жасөспірім той кортежін ұймдастырып,   жол ережелеріне қатысты өрескел құқық бұзушылық жасаған. Бұл дерекке қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің 602-бабымен 2 әкімшілік хаттама толтырылып, 136 000 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар «Toyota Avensis» маркалы көлігінің 56 жастағы жүргізушісі қарама-қарсы бағытқа шығып жол жүрісін жалғастырып, апатты жағдай туғызғаны  үшін 6 айға көлік басқару құқығынан айырылды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабы 3-бөлігімен  әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар 13 автокөлік айып тұрағына қойылды. - Күнделікті жұмыстардың нәтижесінде көптеген құқық бұзушылықтар анықталуда. Бұл  ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жүргізіліп жатқан іс-шаралар. Аталған бағыттағы жұмыстар облыстық  Полиция департаменті басшылығының ұдайы бақылауында, - дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов.   Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы