Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
5,137
оқылды
Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жел соғады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. Синоптиктердің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 17 қазанда екпіні 25 м/с күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 18 м/с жетеді.
Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі. Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Көкшетауда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.