Ақмола облысында жол апатынан 2 полиция қызметкері көз жұмды
Ақмола облысында жол апатынан 2 полиция қызметкері көз жұмды
219
оқылды
Ақмола облысында жол апаты болып, полиция қызметкерлері көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, 15 қазан күні Щучье қаласында Абылайхан және Сейфуллин көшелерінің қилысында, «Мебелин» дүкені маңында «Lexus NX20» көлігі Бурабай аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің «Lada-21214» көлігімен соқтығысқан. Қызметтік көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында алған дене жарақатынан көз жұмды. Полиция қызметкерлері қызметтік міндетін атқарып жүрген. Кезекті оқиғадан қайтып келе жатқан.
«Күдікті - Щучье қаласының 22 жастағы тұрғыны. Оның Қылмыстық кодекстің 200, 346 баптары бойынша бұрын бірнеше рет сотталғаны және 2022 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды» делінген хабарламада.
Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, үстінен Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары