Өрт 15 қазанда түс кезінде «Ёлочка-2» бау-бақша қоғамының маңында қараусыз қалған қорадан шықты.
Төтенше жағдай кезінде қораның күл қоқсығының, тақтайлардың арасынан үш баланың мәйіті табылды. Олар: 7 мен 5 жастағы екі қыз және олардың 3 жасар інісі.
Ал ерлі-зайыптының көршісі олардың құрылыспен айналысатынын, өздерінің ләпақасын табу үшін Кросноярскке келгенін айтуда. Оның сөзінше, олардың Новосібірде пәтер жалдап тұруға ақшасы жетпеген. Барар жері болмаған соң, осы жерді паналапты. Өрт кезінде олар үйінде болмаған.
«Үйіне қайтып келе жатқанда өртті, екеуі қаша жөнелді. Ал өрт сөндірушілерді басқа біреулер шақырды. Содан кейін ғана ерлі-зайыпты кезекпе-кезек хабарласып, балаларды ешкімге көрсетпей тығып қоюды өтінді. Содан олардың полицияға барып, мән-жайды анықтау керегін айттым. Олардың неге қашып жүргенін түсінбедім. Балаларды тастап қашқанына әлі сене алар емеспін. Неге олай істеді? Сол балаларды осыдан екі күн бұрын құшағыма алып, беттерінен сүйіп едім. Олардың жоғына сенер емеспін» дейді көршісі Сергей.
Енді тергеушілер қайғылы оқиғаны толықтай қалпына келтіруі керек. Егер ата-ана балаларды құтқармай, сарайдағы өртті сөндіруге тырыспай, қашқаны анықталса, онда балаларды қауіпке қалдырғаны үшін қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.