Алматы полициясы биыл тоғыз айда «Сергек» камераларының көмегімен 519 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактілері анықталғанын хабарлады. Салынған айыппұлдардың мөлшері 3,61 миллиард теңгені құрайды. Осы уақытқа дейін олардан 2,27 миллиард теңге жиналды. Шамамен, әрбір төртінші алматылық жыл басынан бері жоқ дегенде бір рет «Сергек» камераларына түскен.
Бірақ өткен жылы тоғыз айда камералардың көмегімен 35 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактілері анықталды. Салынған айыппұлдың мөлшері 417 миллион теңгені құрайды. Оның 110 миллионы ғана өндіріліп алынған.
Қазір Алматыда 414 «Сергек» посты құрылды, жыл соңына дейін тағы 362 камера пайда болады.
«Сергек» – бұл қаланың көшелері мен жолдарындағы заң бұзушылықтарды тіркейтін бейнебақылау жүйесі.