Арқалықта тұрғындармен бірге «Nur Otan»-ның қалалық сайлауалды бағдарламасының жобасын талқылады. Партия Лидері Н.Назарбаевтың тапсырмасымен әрбір елді мекеннің ерекшелігі мен мәселелерін ескере отырып, «Nur Otan» тұңғыш рет әр өңір, қала мен аудан бойынша 216 сайлауалды бағдарламаның жобаларын әзірлегені белгілі. Осы орайда Бауыржан Байбек «Елбасы атап өткендей, «Nur Otan» – нақты істердің партиясы, біздің сайлауалды уәделеріміздің барлығы тыңғылықты есептелуі тиіс. Сондықтан 5 жылдық бағдарламаларда көрнекі индикаторлар көрсетілді, бюджеттің мүмкіндігімен сәйкестендірілген нақты басымдықтар реті көзделді. Ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іске асырыла отырып, партияның барлық сайлауалды бағдарламалары азаматтардың талап-тілектері ескеріліп, пысықталады», – деп атап өтті.
Арқалық қаласында партияішілік праймериз барысында 117 нақты ұсыныс түскен. Тұрғындарды аула алаңдарын абаттандыру мен көшелерді жарықтандыру, білім мен денсаулық сақтау нысандарын, жолдар мен инженерлік желілерді жөндеу секілді мәселелер толғандыратын көрінеді.
«Партия филиалы басшылығының мәліметінше, осы мәселелердің барлығы бағдарламаларды пысықтау кезінде ескерілген. Сонымен бірге бағдарламаның бірқатар бағыттары қосымша пысықтауды қажет етеді деп санаймын», – дейді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.
Қазіргі таңда елдегі өзекті мәселенің бірі – 13 елді мекенде ұялы байланыспен қамтамасыз ету және интернеттің жылдамдығын арттыру. Бұдан басқа, қала тұрғындары балалардың ойын алаңдары сапасының нашарлығына шағым айтып, ескі автобустарды ауыстыру мәселесі өзекті болып тұр.
«Торғай боксит кен басқармасының жабылуы жоспарлануына байланысты 500-дей адамды жұмыспен қамту қажет. Сайлауалды бағдарлама аясында бұл мәселе партиялық бақылауға алынады. Бұл ретте, босатылатын адамдардың бір бөлігі қазіргі кезде басқа кәсіпорындарға жұмысқа орналасты. Солардың бірі – «Торғай Ет» ет өңдеу кешені. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен бірге қалада 120-дай жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берген өндіріс алаңын араладым» деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.
Сапар барысында Бауыржан Байбек қаланың жылу жүйесін жаңарту барысымен де танысты. Алдағы уақытта Арқалық ЖЭЦ-і мазут орнына көмір қолданады. Соның арқасында 2 миллиардқа дейін бюджет қаражаты үнемделіп, оны қаланың басқа қажеттіліктеріне жұмсауға мүмкіндік туады. Жобаны 2021 жылы аяқтау міндеті «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген.
Сонымен қатар партия Төрағасының Бірінші орынбасары Арқалық аймақтық ауруханасының ұжымымен кездесті.
«Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев таяуда сөйлеген сөзінде пандемияның екінші толқыны болған жағдайда негізгі ауыртпалықтың тағы да дәрігерлерге түсетінін атап өткен болатын. Оның тапсырмасы бойынша екінші жартыжылдықта төлемақыға 150 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. «Nur Otan» партиясы фракциясының депутаттары биыл медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін көтеру мен қорғауға бағытталған жаңа «Денсаулық туралы» кодексті қабылдады», – деді Б.Байбек.
Сондай-ақ ол медицина қызметкерлерімен бірге партияның сайлауалды бағдарламасын талқылады. Онда денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту және халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша нақты индикаторлар қамтылған.
Бауыржан Байбек сапар аясында қоғам белсенділерімен және праймериз қатысушыларымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының таяудағы 5 жылға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасының жобасын талқылады.
«Елбасы – партия Лидері Н.Назарбаевтың тапсырмасымен партияішілік сайлау өткізу кезінде еліміз бойынша азаматтардан 20 мыңнан астам ұсыныс жиналды. Олардың мыңнан астамы Қостанай облысының тұрғындарынан түскенін» жеткізді. Тұрғындар негізінен ауыл ішіндегі жолдардың сапасы, сумен және газбен қамту, тұрғын үй мен білім беру нысандарын салу, ауылдық мектептерде компьютер техникаларын жаңарту мәселелерін жиі көтереді. «Тұрғындардың ауылдағы интернеттің жылдамдығына да көңілдері толмай отыр. Көтеріліп отырған мәселелердің өзектілігін ескеріп, оларды облыстық сайлауалды бағдарламаға міндетті түрде қосу қажеттігі жайында пікірімді айттым» деп жазады. Сондай-ақ партия Төрағасының Бірінші орынбасары жазбасында өңір халқының үштен бірі ауылдық жерде тұратынын, партияның Қостанай облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы ауыл шаруашылығын айтарлықтай қолдау шараларын көздейтінін айтып отыр. «Атап айтқанда, таяудағы 5 жылда облыста егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруды қамтамасыз ету, жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізу, техниканы жаңарту, сондай-ақ өңдеуші ауылшаруашылық кәсіпорындарын іске қосу және жаңғырту жоспарлануда.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ел халқына Жолдауында дамыған ауыл шаруашылығынсыз бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емесін атап өтті. Осыған байланысты өңірді табиғи сүтпен және жоғары сапалы ашытқан сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған «Олжа Садчиковское» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметімен таныстым. Бұл кәсіпорын – 320 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырған өңірдегі дамыған жоғары технологиялы өндірушілердің бірі» деп атап өтті Бауыржан Байбек.
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары кәсіпорын қызметкерлерімен сұхбаттасып, олардың бірқатар өтінішін бақылауға алды. Мысалы, Садчиковка ауылының тұрғыны Тамара Кисилева осы елді мекендегі жалпы ұзындығы 6 шақырым болатын екі орталық көшеге жөндеу жүргізуді өтінді. Бұл көшелердің бойында 1 350-дей тұрғын бар.
Сондай-ақ Бауыржан Байбек Қостанай қаласындағы жаңа модульді инфекциялық ауруханамен танысты. Өңірдің медицина қызметкерлерімен бірге денсаулық сақтау ұйымдарының коронавирус пандемиясының туындауы мүмкін екінші толқынына дайындығы жайын талқылады.
«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің өңірлерге сапары Ақтау қаласында жалғасты. Ол мұнда алдымен облыстық онкологиялық орталықтың жаңа ғимаратын аралады. Құрылысы 2008 жылдан бері созылып келе жатқан бұл орталық партия Төрағасы Бірінші орынбасарының былтыр шілде айындағы сапарынан соң партиялық бақылауға алынған болатын.
«Заманауи диагностикалық кешеннің пайдалануға берілуі қатерлі ісік ауруларын бастапқы сатысында анықтау мен емдеудің тиімділігін арттырады. Жергілікті биліктің мәліметінше, қажетті жабдықтарды жеткізу таяу уақытта аяқталады. Орталық ұжымымен кездесіп, жауапты жұмыстарына табыс тіледім» деді Бауыржан Байбек.
Бұдан соң партия Төрағасының Бірінші орынбасары өңірдегі партияішілік праймеризге қатысушылармен, сондай-ақ жұртшылықпен және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті. Басқосуда партияның облыстық сайлауалды бағдарламасын талқылады, онымен primaries.kz сайтынан толығырақ танысуға болады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бұл құжатқа тұрғындардың ұсыныстары енгізіледі. Мәселен, Маңғыстау облысы бойынша 770-тей ұсыныс жиналып, олардың 411-і бағдарлама жобасына кіргізілді.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ел халқына Жолдауында айтылған ауыл шаруашылығына озық технологияларды ендіру жөніндегі тапсырмасын ескеріп, «ҚазАзот» кәсіпорнына бардым. Бұл – қазақстандық ауыл шаруашылығымен айналысушылар минералды тыңайтқыш ретінде кеңінен пайдаланатын аммиак пен аммиак селитрасын өндіретін еліміздегі жалғыз кәсіпорын.
Ақтаудың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін зауытты жобалық қуаттылығын жылына 400 мың тонна минералды тыңайтқыш өндіруге дейін ұлғайта отырып модернизациялау жоспарлануда» деп жазады. Бауыржан Байбек Елбасы бастамашылық еткен республикалық BizBirgemiz акциясына қатысқандары үшін кәсіпорын ұжымына алғысын білдірді. «Пандемия кезінде «ҚазАзот» қызметкерлері облыстағы ауруханалар мен стационарларға кислород баллондарын өтеусіз толтырып беруді қамтамасыз еткен болатын.
Сондай-ақ Елбасы – партия Лидері Н.Назарбаевтың 5-кезең аясында Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы 6 мыңнан астам мұқтаж отбасыға қаржылық қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын тексердім. Осы төлемдерді қосқанда жыл ішінде Маңғыстау облысында 28 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды, бұлардың қатарында қарт адамдар, ерекше қажеттілігі бар азаматтар және басқалары бар», – деді Б.Байбек.