Әкімдер қанша жалақы алады?
Әкімдер қанша жалақы алады?
214
оқылды
Әкім мемлекеттік қызметшілердің жалақысы құпия еместігін, олар да басқалар сияқты несие алатынын жеткізді. Алдыңғы күні Атырау облысының аудан әкімдері мен облыс орта­лығының әкімі қанша жалақы алатыны белгілі болған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті  Antikor.Live жобасы шеңберінде «Әкімдіктердің ашықтығы»  тақырыбында Атырау қаласы әкімі Қайрат Оразбаевтың қатысуымен Facebook парақшада тікелей эфир өткізді. Осы эфир барысында Қайрат Құлымұлы қойылған сұрақтарға жауап берді. Оған «Жалақыңыз қанша?» деген сұрақ та қойылған еді. Атырау қаласы әкімі 380 000 теңгедей жалақы алатынын мәлімдеген еді. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес» республикалық акция аясында Атырау облысының аудан әкімдері де жалақысын жария етті. Аудан әкімдері еңбекақысы айына – 755 485 теңге.  

Тұмар МЫРЗА