Алматыда Kaspi.kz бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалып, 2 миллион теңгеге жуық қаражат қолды болды, – деп хабарлады Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға банкте 15 қазанда болған.
"Алматыда Kaspi.kz бөлімшесіне белгісіз екі ер адам шабуыл жасады. Жұмыс күні аяқталуға жақын болғандықтан, банкте клиенттер болмаған. Қарақшылар 2 миллион теңгеге жуық қаражатты қалталарына басып, оқиға орнынан іздерін суытқан. Абырой болғанда банк қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шекпеген.
Банктің қауіпсіздік қызметі қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен бірлесіп, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қарақшылар табылып, жазаға тартылатын болады", – делінген хабарламада.