Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
236
оқылды
Аптаның соңында республикамыздың басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады. Салдарынан еліміздің басым бөлігінде жылы және жауын-шашынды ауа-райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
"Еліміздің тек солтүстік-батысы мен солтүстік облыстарына Обь шығанағынан келетін циклон әсерінен жауын-шашын жауып, жел күшейіп, ауа температурасының одан әрі жоғарылай түседі. Алайда, 18 қазанда еліміздің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда Солтүстік-Батыс антициклонының ауып келуіне байланысты күн суытады. 19 қазанда суық циклон еліміздің орталығы мен шығысына ойысады. Ауа температурасы түнде 0-8 градусқа дейін күрт төмендейді, күндіз 5-15 градус жылы болады, сондай-ақ кей жерлерде қар жауып, тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін деп болжанады", - делінген хабарламада.
  Қазақстанның қалған аумағы жылы болып, көбінесе жауын-шашынсыз болады.