Былтыр қыркүйек айында Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінің тізбесіне толықтыру енгізілді, соған сәйкес 16 қазан – Нан күні болып белгіленді. Бұл күні қазақстандық диқандардың, ұн тартушылар мен наубайшылардың еңбегін елеу үшін арнайы белгіленген, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Дүниежүзілік нан күні 2006 жылдан бастап 16 қазанда аталып өтіледі. Бұл күні көптеген елдерде нан өнімдерінің түрлі көрмелері, аспаздардың, наубайшылардың және кондитерлердің кездесулері, жәрмеңкелер, шеберлік сыныптар, халықтық серуендер, сондай-ақ мұқтаж адамдарға нанның тегін таратылуы, қайырымдылық акциялары және тағы басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.
Жиналғандар нан өнімдерінің әртүрлі сұрыптары мен түрлерін бағалап қоймай, нанның қалай пайда болғанын, оның тарихы мен дәстүрін, неден жасалғанын, қай жерде өскенін, қалай пісірілетінін және т. б. таныса алады.
Нан – халықтың ең маңызды және сүйікті тағамы. Барлық халықтарда нан ерекше құрметке ие және дастарханның мәні мен сәні. Ал, Қазақстан үшін Нан экспорттың негізгі бөлігін құрайды.