9 мың теңге пара үшін 3 жылға қамалды
9 мың теңге пара үшін 3 жылға қамалды
5,201
оқылды
Түркістан облысында болған осы сот жайында кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
«Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Сәрсембаев үш жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Үкім 14 қазанда шығарылды. Оған Сарыағаш ауданы полициясының бөлім инспекторынан тоғыз мың теңге мөлшерде пара алған деген айып тағылды. Инспектор әкімшілік хаттама толтыру кезінде бұзушылыққа жол беріпті. Пара осы анықталған бұзушылық бойынша оның атына судья жеке қаулы шығармауы үшін берілген», – дейді агенттік өз хабарламасында.
Сотталған экс-судья мемлекеттік қызметте қандай да бір қызметке тұру құқығынан өмір бойына айырылды.  

Ерік ЕРДЕНОВ