Алып зауытта апат болды
Алып зауытта  апат болды
250
оқылды
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 16 қазан күні таңғы 7:14-те Павлодар мұнай-химия зауыты­ның төртінші цехында, 1/1 пешінде «разгер­метизация» болған және гудрон лаулап жанған. Зауыт жаққа дереу 6 өрт сөндіруші машина, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыс­тары қызметінің 28 қызметкері аттаныпты. Жалынды ауыздықтаумен «Өрт сөндіруші» АҚ-ның қызметкерлері айналысты.
«Өрттің таралуы 7:20-да тоқтатылды. Тілсіз жау 8:11-де жойылды. Өрттің не себепті туын­дағаны және қандай залал келтірілгені ай­қындалып жатыр. Мамандар пешті салқын­датумен шұғылдануда», – деп мәлімдеді ТЖ департаменті.
Мұнай өңдеу зауытының өкілдері түсінік­теме беруден ат-тонын ала қашқан.
«Егер компания қажет деп тапса ғана ресми ақпаратты халық біле алады», – деп қысқа қайыр­­­­ды журналистердің сұрауына ПМХЗ баспасөз қызметінің басшысы Анна Гронская.
 

Е.ЕРДЕН