Жол сапасын бақылауға алды
Жол сапасын бақылауға алды
248
оқылды
Мониторинг тобы мүшеле­рінің қатысуымен «Желтоқсан мен Сәтпаев көшелеріне бақылау жүргізілді. Онда қазіргі уақытта қаланың троллейбус желілерінің қолданыстағы байланыс-кабельдік желілерін жөндеу және қайта жа­ңар­ту жұмыстары басталды. Жұ­­мыс­тың аяқталу мерзімі  2022 жылдың наурыз айына жос­парланған. Тексеріс кезінде мони­то­ринг тобы жабынның маркасы мен са­пасына сәйкес келмейтін ұсақ түйіршікті асфальт қол­да­нылғанын, сондай-ақ асфальт төсеміндегі көптеген кедір-бұдыр жабындыны, жол таң­басының жоқтығын және басқа да кемшіліктерді анықтады. Сонымен қатар асфальтбетон жабынын төсеуге дайындалған учаскелерде сигналдық таспалар да болмай шықты. Тексеру қорытындысы бо­йын­ша Алматы қаласының Қала құры­лысын бақылау бас­­­­қармасы «Nur Otan» пар­тия­сының Алматы қалалық филиалымен бірлесіп, 312-бап­тың 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық ту­ралы хаттама жасады. Уә­кілетті органдар мен мердігер ұйымдарға жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасы мен тиісті бақылауды жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар берілді.  

Әбілмансұр ЖАСАН